Бейсенбі, 26 Маусым 2025
Жаңалықтар 199 0 пікір 26 Маусым, 2025 сағат 14:19

Қазақстан Тәжікстан нарығына бидай экспортын арттырады

Сурет: naryk.kz сайтынан алынды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода және тәжік аграрлық бизнесінің өкілдерімен кездесу өткізді. 

Келіссөздердің басты тақырыбы - Қазақстаннан Тәжікстанға астық экспортын ұлғайту мәселесі болды. Тәжікстан дәстүрлі түрде қазақстандық астық өнімі үшін негізгі нарықтардың бірі саналады. Елге жыл сайын орта есеппен 1 миллион тоннаға жуық астық жеткізіледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстанға экспортталған астық көлемі 1,3 миллион тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.

2024 жылы қыркүйек пен 2025 жылдың маусым аралығында жаңа өнімнен 1,2 миллион тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп (823 мың тонна).

Айдарбек Сапаров экспортты ұлғайту мәселесінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растап, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Тәжікстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жаңа өнімнен 5 миллион тоннадан астам астық экспорттағаны хабарланған еді.

Abai.kz

0 пікір