Қазақстандық төрешілер IJF халықаралық дәрежесіне ие болды

Қосқазақстандық дзюдо төрешісі IJF халықаралық дәрежеге ие болды.
Алматы қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен өткен дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық емтихан өзмәресіне жетті. Емтиханның практикалық кезеңі Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер менжастар арасындағы Азия кубогі аясында өтті. Аталған жарыста төрелік еткен 11 елден келген 19 төреші өз кәсіби біліктілігін дәлелдеді.
Нәтижесінде қазақстандық төрешілер Тимур Ажимов (Ақтөбе облысы) пен Әділ Бисенқұлы (Маңғыстау облысы) сәтті нәтиже көрсетіп, IJF Халықаралық санаттағы төреші (IJF International Category) атағына ие болды.
Сондай-ақ, Польша, Египет, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд,Жапония және Сауд Арабиясынан келген төрешілер де емтиханнан сүрінбей өтіп, халықаралық дәрежеге қол жеткізді.
Төрешілер жұмысына және емтихан барысына Халықаралық дзюдо федерациясының бас рефери директорлары Даниэл Ласкау мен Армен
Багдасаров, Азия дзюдо одағының (JUA) бас төрешілер директоры Осака Акинабу мен JUA рефери-директоры Асхат Житкеев жетекшілік етті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 11 халықаралық, 17 континенталдық және 20 ұлттық дәрежедегі дзюдо төрешісі бар.
Abai.kz