Бейсенбі, 10 Шілде 2025
Аласапыран 512 0 пікір 10 Шілде, 2025 сағат 14:00

Жазғы шабуыл: Ресей 100 мың әскерді жұмылдырды

Сурет: ukr.net сайтынан алынды.

Ресей армиясының негізгі күштері жазғы шабуыл науқаны аясында, Покровскі бағытының шығыс бөлігінде әскер шоғырланды. Бұл туралы «Хортица» жедел-стратегиялық әскер тобының өкілі Виктор Трегубов «Суспілне» телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда майданда екі негізгі бағыт бар - Покровскі (әсіресе Константиновкаға апаратын жолдың шығыс бөлігі) және Новопавловскі. Екі учаскеде де ең ірі жауынгерлік белсенділік тіркеліп отыр.

«Майдан шебіндегі қақтығыстардың саны басқа бағыттар бойынша айтарлықтай азайған. Ресейліктердің нақ осы Новопавловскіге және Покровскіге баса назар аударып отырғаны анық байқалады және онда қазір ең ауыр ұрыстар жүріп жатыр», - дейді Трегубов.
Трегубов: «Новопавлов бағытында ресейлік әскерлер Донецк және Днепропетровск облыстарының әкімшілік шекарасы бойында барынша қысым көрсетіп отыр», - дейді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ресейліктер Днепропетровск аумағына кіру туралы жалған хабарламалар таратып, белсенді ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр.

«Днепропетровск облысындағы Дачное елдімекенін Украина Қорғаныс күштері толығымен бақылауда ұстап отыр», - деді Украина Қарулы Күштерінің өкілі.

Покровскі бағытына қатысты: Трегубов дәл осы жерде шығыстан Константиновкаға өтуге тырысатын ресейліктердің негізгі күштері шоғырланғанын атап өтті. Бұл қаланы басып алу үшін Торецк пен Часовой Яр жақтан жасалған бұған дейінгі шабуылдар орыстар үшін табысты болған жоқ.

Трегубов: «Торецк және Часовой Яр ауданында шайқастардың саны айтарлықтай азайды. Менің ойымша, ресейліктер ол бағыттан үміттерін үзе бастады. Қазір басқа бағыттарда шабуылдауда», - деп хабарлады.
Украина ҚК ақпараты бойынша, қазір Покровскі бағытына ресейліктер 100 мыңнан астам әскерді шоғырландырған. Покровск бағыты Оесей әскерінің жазғы шабуылының негізгі бағыты болмақ. Ал Украинаның қорғаныс күштері өз позицияларын ұстап, ресейлік әскердің қысымын тежеуді жалғастыруда.

Abai.kz

0 пікір