Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Қылмыс 887 0 пікір 14 Шілде, 2025 сағат 12:31

Кезекті қаржы пирамидасы анықталды

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін YouTube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған.

Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен. Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен.

"Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған. Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды," - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 408
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6352
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 385