Сейсенбі, 7 Сәуір 2026
Жаңалықтар 107 0 пікір 7 Сәуір, 2026 сағат 14:23

Үкімет басшысы Алматы ЖЭО-ларындағы жұмыс қарқынын тексеруді тапсырды

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту мәселесін көтерді.

"Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр? Маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті", – деп сұрады Олжас Бектенов.  

"Самұрық-Энерго" компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов бұл жобалардың жүзеге асырылуы ерекше бақылауда екенін айтты. Оның айтуынша, мердігер ұйымға жұмыстарды күшейтіп, құрылыс алаңдарында үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу тапсырылған. Қысқа мерзімде нысандарда 1,5 мың жұмысшы тартылып, негізгі жабдықтар құрылыс алаңына жеткізілген. Қосалқы жабдықтар екі ай мерзім ішінде жұмыс алаңына жеткізіледі.

"Роман Васильевич, өзіңіз барып тексеріңіз, сосын нәтижесін маған баяндаңыз. Объективті ақпарат керек", – деді Үкімет басшысы.

Abai.kz

0 пікір