Сейсенбі, 15 Шілде 2025
Білгенге маржан 137 0 пікір 15 Шілде, 2025 сағат 12:52

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

1992 жылдың 4 маусымында елімізде мемлекеттік рәміздер бекітіліп, бұл ұлттық тарихымыздағы жаңа дәуірдің басталғанын әлемге паш етті.

Әрине, Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгенімен, мемлекеттілік рәміздерін бірден өмірге әкеле қойған жоқ. Жоқтан бар жасау үшін ғаламат шығармашылық процесс басталды. Оның барысында кейде күтпеген идеялар пайда болып, ұмыт болған алаш сиволдық бағзылығы соны қырынан көрініс тапты. Жаңа қазақ мемлекеттілігінің әлемге танылуының басты да, маңызды көрінісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі өмірге келді. Оларда мемлекеттілік, шоғырлану және ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылу идеясын білдіретін айшықтар қазақ халқының көңілінен шығып, мәңгілік өмірге жол тартты. Қазақстандық мемлекеттік рәміздердің мақсаты, бір жағынан, мемлекеттілік идеясының негізгі басымдықтарын, атап айтсақ: тұтастық, тәуелсіздік, ел азаматтарының санасындағы бірлікті бекіту болса, екінші жағынан, бейбітшіл тату көршілікті жақтаушы ретінде халықаралық деңгейде Қазақстанның имиджін қалыптастыру болып табылды. Мемлекеттік рәміздерде қазақ философиясының негізгі белгілері - ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектескен іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар көркем бейнеленді. Мемлекеттік рәміздер ұлттық мемлекеттілік идеологиясының сыртқы формалары болып табылатыны жасырын емес. Қазақстандық мемлекеттік рәміздер бір-бірімен тығыз байланыста болып келеді. Бір-бірін толықтыра отырып, олар Қазақстан Республикасы азаматтарының және халықаралық жұртшылықтың республика мызғымастығының негізі ретінде қабылдауына бағдаршалық темір қазық болып табылады.

Тарих қойнауына үңілер болсақ, 1992 жылғы 4 маусымда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. 1992 жылғы 6 маусымда Абай атындағы Алматы опера және балет театрының ғимаратында республиканың мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты рәсім болып өтіп, тап сол күні Президенттің резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ғимаратының үстіне Мемлекеттік ту көтеріліп, елтаңба қойылды. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітіліп, мемлекеттік рәсімдер мен байрақты бәскелереде шырқалатын болды.   Кейіннен мемлекеттік рәміздер туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар арнайы Жарлығында бір жүйеге келтірілді. Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының рухани құндылықтарын, жерінің байлығы мен тарихының мызғымастығын көрсететін құнды қазына.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасудың үлкен әрі күрделі жолын бастан өткере алды. Бүгінде Қазақстан - әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі, әлеуметтік-экономикалық дамудың, қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтудың өзіндік үлгілерін қалыптастырған ел, сондай-ақ орнықты саяси жүйені орнықтыра білген мемлекет.

Әлемнің барлық мемлекеттері сияқты Қазақстан да әлемде танымал болған жеке мемлекеттік рәміздерге ие және бұл рәміздер біздің еліміздің имиджінің ажырамас бөлігіне айналып отырған жайы бар екендігі айтпса да түсінікті. Біздің барлық мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздік кезеңінде әзірленіп һәм бекітілді. Рәміздеріміз геральдика тілінде қазақ халқының рухани құндылықтарын айқара паш етеді.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 4 маусымда үш жеке заңмен бекітіліп, содан кейін бұл құжаттардың ережелері Мемлекет басшысының 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң күші бар арнайы Жарлығында жинақталды. 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» жаңа Заң шығып, онда, атап айтқанда, 11-баптың 1-бөлігі «Гимнді орындау кезінде оң қолдың алақанын кеуденің сол жағына қою» деген сөздермен толықтырылды.

Мемлекеттік рәміздердің ежелгі тарихы бар екендігін ешкімде жоққа шығара алмайды. Сөзсіз, бұл рәміздер әрқашан белгілі бір идеологиялық міндетті өз мойына жүктеп алып келді - мемлекеттік рәміздердің белгілері мен бейнелерінде ежелгі тотемдер, діни рәміздер, билеуші әулеттердің айырым белгілері және басқа мағыналар тоғыстырлып берліп отыр.

Әрине, осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын әзірленген және қабылданған Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, бірінші кезекте, халықтың тәуелсіздікке ұмтылысын, оның өз елі үшін мақтанышын, оның еңбексүйгіштігі мен бейбіт ниетін көрсететін элементтер енгізілді. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 6 шілдеде Алматыда жұртшылыққа ұсынылды. Ол кезде Мемлекеттік әнұранның мәтіні де болмағандықтан, бұған дейінгі Қазақ КСР әнұранының музыкасы пайдаланылған болатын, ал оның жаңа сөздері 1992 жылдың 11 желтоқсанында ғана бекітіліп, ел назарына ұсынылды.

Әрбір мемлекеттің өз ұлттық ерекшелігі бар - оны бір көз жүгірте қарағаннан-ақ аңғарып білуге болады. Қазақстан үшін бұл ту, елтаңба және әнұран болып табылады. Олар ғимараттарды сәндеп қана қоймай, спорттық жарыстарда да шырқалып қана қоймайды. Бұл - еліміздің тарихының, рухы мен арманының ықшамдалған тұжырымдамасы.

Ту, елтаңба және әнұран - жай ғана атрибутика емес. Бұл бәрімізді бір тұтастыққа кіндіктесріе, туыстандыра байланыстыратын ғаламат. Осы символдар арқылы біз өзіміздің мәдениетімізді, мінезімізді және құндылықтарымызды өзімізге де, бүкіл әлемге де жеткізе білеміз. Сондықтан да Қазақстанда осы рәміздерге арналған ерекше күн жадымызда жатталған. Бұл күні, яғни, 4 маусымда - 1992 жылы тәуелсіз республиканың туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілгенін еске алу құрметіне кеңінен жалпыұлттық мереке ретінде атап өтіледі.

Содан бері жыл сайын бұл күн: біздің өз жолымыз, өз бетіміз және өз дауысымыз барлығын ғаламға паш етіп, ұлттық символдар - өткенге деген құрмет пен болашаққа деген сенім туралы бойымызға мақтаныш ұялатады. Бұл біздің кім екенімізді білуіміз туралы үнемі есімізге салады.

Жыл сайынға 4 маусым Қазақстанда - бұл күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл күні бүкіл ел ту, елтаңба және әнұранның маңыздылығын еске алады. Және жай ғана еске алмайды - бүкіл халық болып мерекелейді..

Бүкіл ел бойынша патриоттық іс-шаралар өтіп, Елордада үлкен форумдар ұйымдастырылады. Бұл орайдағы ең танымал форумдардың бірі «Көк тудың желбірегені» болып табылады. Оған барлық өңірлерден белсенді азаматтық ұстанымы, патриотизмі, қоғам дамуына қосқан үлесі бар адамдардан тұратын делегаттар шақырылады.

Қалалар мен ауылдарда челлендждер, флешмобтар, шығармалар мен суреттер байқаулары, концерттер өткізіліп, онда әнұран орындалады, ту көтеріледі және осы символдардың мағынасы айтылады. Осының бәрі мерекені «атап өту» ғана емес, оның нағыз мағынасымен тәуелсіз елде өмір сүрудің шынайы бақытын шын жүрекпен сезіне білуге көмектеседі.

Abai.kz

0 пікір