Жұма, 18 Шілде 2025
Алаң 180 0 пікір 17 Шілде, 2025 сағат 12:43

Қазақстанда жастар арасында жиі кездесетін 6 ауру қандай?

Сурет: khabar.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда балалар арасында жиі кездесетін 6 ауру түрі аталды.

Денсаулық сақтау министрлігі дерегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер санатындағы азаматтар арасында бірқатар ауру түрлері жиі кездеседі.

Қазақстанда жастар арасында ең көп тіркелетін аурулар қандай?

Респираторлық инфекциялар – жоғарғы тыныс жолдарының вирустық және бактериялық аурулары, оның ішінде тұмау мен пневмония;

Ас қорыту жүйесінің бұзылуы – гастрит, гастроэнтерит және басқа да асқазан-ішек аурулары. Мұның басты себебі – дұрыс тамақтанбау;

Аллергиялық аурулар – аллергиялық ринит, демікпе (астма), экзема;

Тірек-қимыл аппаратының аурулары – сколиоз және басқа да омыртқа қисықтықтары, әсіресе жасөспірімдер арасында кең таралған;

Психикалық денсаулық мәселелері – жасөспірімдер арасында депрессия, мазасыздық және өзге де психикалық бұзылулар көбейіп келеді;

Вакцинациямен алдын алуға болатын жұқпалы аурулар – тиісті екпелердің жетіспеуі белгілі бір инфекциялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Ведомствоға бұған әсер ететін негізгі факторларды атады.

Экологиялық жағдай – ауаның, судың және топырақтың ластануы респираторлық аурулардың көбеюіне себеп болады. Мұндай көріністер көбіне ірі өнеркәсіп ошақтары шоғырланған аймақтарда тіркеледі;

Өмір салты – қимыл-қозғалыстың аздығы, гаджеттерді шамадан тыс қолдану, отырықшы өмір сүру салты семіздік пен тірек-қимыл жүйесінің ауруларына себеп;

Дұрыс тамақтанбау – диета құрамында дәрумен мен минералдардың жетіспеушілігі, фаст-фудтың артық мөлшері әртүрлі ауруларды қоздырады;

Төмен вакцинация деңгейі – бұл алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың өршу қаупін арттырады;

Әлеуметтік-экономикалық жағдай – отбасының табыс деңгейі, сапалы медициналық көмек пен білімге қолжетімділік те баланың денсаулығына тікелей әсер етеді.

Abai.kz
0 пікір