Дүйсенбі, 21 Шілде 2025
Жаңалықтар 79 0 пікір 21 Шілде, 2025 сағат 12:53

Балаларға арналған ЖИ нұсқасы іске қосылады

Сурет: gimg.gateimg.com сайтынан алынды.

Илон Маск өзінің жасанды интеллектісі – Grok-тың балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатқанын жариялады.

Бұл туралы миллиардер бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Біз xAI жобасы аясында балалар контентіне бағытталған Baby Grok-ты жасаймыз, - деді ол.

The Economic Times басылымының хабарлауынша, бұл сервис – қазіргі Grok жүйесінің жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. Ол балалармен қауіпсіз, танымдық әрі қызықты қарым-қатынас жасауға арнайы бейімделген.

Baby Grok – негізгі Grok моделінен бөлек жұмыс істейтін жеке қосымша ретінде әзірленуде. Бұл қатал модерациямен қамтамасыз етілетін чат-бот. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі жағымды цифрлық орта қалыптастыру.

Abai.kz

0 пікір