Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 619 0 пікір 28 Шілде, 2025 сағат 12:51

Елімізде онлайн казинолардың есепшоты бұғатталды

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Жиынға Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Жиында интернетте кеңінен таралған заңсыз құмар ойындардан туындап отырған өзекті қауіптер талқыланды. Сондай-ақ, қаржылық ағындарды бақылау және заңсыз ойын қызметіне тосқауыл қою жолдары қарастырылды. Қатысушылар бірлесіп, қадағалауды күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру бойынша тиімді тәсілдер әзірледі.

Биыл елімізде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері 22,2%-ға (45-тен 32-ге дейін) төмендеген. Онлайн-казиноларға ақша аудару үшін пайдаланылған 50-ден астам банк шоты анықталып, бұғатталған. Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг пен тосқауыл қою бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Бас прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандардың дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 401
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 5136
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 380