Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Өзекті 1499 0 пікір 29 Шілде, 2025 сағат 12:37

Қазақстанда зейнетақы онлайн тағайындалатын болады

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді қазақстандықтарға онлайн форматта тағайындау ұсынылып отыр. 

Үкімет отырысында цифрландыру вице-министрі Қаныш Төлеушин көптеген қызмет түрі онлайн форматқа ауыстырылғанын айтты.

– Бұрын зейнетақы тағайындау процесі азаматтың тікелей қатысуын талап ететін. Төлем алу үшін түрлі құжат жинап, еңбек өтілін растау қажет болатын. Қағаз жүзінде мәліметтерді өңдеу кешігулерге, кезектерге және зейнетақыны қолмен есептеу кезінде қателік жіберу қаупінің артуына әкелетін. Қазір пилоттық режимде мүлде жаңа тәсіл енгізілді. Жас ерекшелігіне қарай скоринг негізінде жүйе автоматты түрде зейнетақы ісін қалыптастырып, еңбек өтілі туралы деректерді тексереді және азаматтың өтінішінсіз-ақ проактивті түрде төлем тағайындайды, – деді Төлеушин.

Оның айтуынша, бұл қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартып, рәсімдік қадамдардың санын азайтуға мүмкіндік берген. Ведомство бұл жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кеңінен енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар жұмыс іздеушілерді тіркеу, оларды жұмысқа орналастыру және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындау процестері де онлайн форматқа көшірілмек.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны – 2 млн 489 мың адам. Орташа зейнетақының жиынтық мөлшері – 143 529 теңге. Оның ішінде ортақ (солидарлы) зейнетақы – 95 912 теңге, базалық зейнетақы – 47 617 теңге. Жуырда зейнетақы жинақтарының көлемі 24 триллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 940
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 628