Сейсенбі, 29 Шілде 2025
Анық-қанығы 135 0 пікір 29 Шілде, 2025 сағат 13:06

Шерзат ісі: Аппеляциялық сот қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты аппеляциялық сот Алматы облысында өтеді. 

Алматы облысы сотының мәліметінше, қылмыстық іс 2025 жылдың 18 тамыз күні сағат 11:00–де облыстық сот ғимаратында қайта қаралады. Аталған іс бойынша:

А.Шынасыл — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 5, 9, 14 тармақшалары, 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1, 7, 9 тармақшалары бойынша;

Р.Сәкиев — 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 2-бөлігінің 7, 9 тармақшалары бойынша;

А.Тоқтаубаев — 293-баптың 3-бөлігі және 188-баптың 1-бөлігі бойынша;

Ш. Белғожаев, Д.Әскентай, Н.Ільясов, Н.Тоқтаубаева және Д.Қалиахмет — 293-баптың 3-бөлігі бойынша;

Д. Ысқақ — 434-бап бойынша сотталған.

Сондай-ақ Алматы облысының соты Д. Ысқаққа тағайындалған жаза мерзімінің толық өтелуіне байланысты босатылғанын растады.

Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты болған Мейірман Шекеев айыпталушылардың бірі жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққанын хабарлаған еді.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза болды.

Бұл іс бойынша барлығы 9 адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.

Abai.kz

0 пікір