Жасөспірімдерге ЛГБТ ықпалы зерттелді

Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Астана қаласында ғылым және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған азаматтарға ЛГБТ насихатының ықпалы туралы зерттеу қорытындыларын талқылау өткізілді.
Аталған зерттеу 2024 жылғы 6 тамыздағы «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ның ашық және жасырын насихатына қарсымыз» петициясын қарау бойынша жұмыс тобының шешімінде көзделген ҚРПарламентінің Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша өткізілді.
Зерттеу қорытындылары зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтанулық сауалнамалар мен ғылыми-құқықтық талдау жүргізген зерттеу ұйымдары және сарапшылар тобымен ұсынылды.
Зерттеуді жүргізу және оның қорытындысы бойынша есепті дайындау жұмысы «Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры» ҚҚ үйлестіруімен қордың жеке және зерттеу ұйымдары мен сарапшылардан тартылған ресурстары есебінен жүргізілді.
Анықтама ретінде:
Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры – адам құқықтарын қорғауға, демократияны нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға арналған, осы салаларда жобалар мен бастамалардың кең спектрін іске асыратын, шетелде мойындалған Қазақстанның алдыңғы қатарлы құқыққорғаушылары мен сарапшыларын біріктіретін тәуелсіз қоғамдық ұйым.
Талқылауға ұсынылған есепте кәмелетке толмаған азаматтарға сыртқы ақпараттық ортаның психологиялық ықпалы және дәстүрлі емес қатынастарды насихаттаудың қоғамдық қабылдауы мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулерінің қорытындылары, сондай-ақ халықаралық тәжірибені есепке ала отырып кәмелетке толмағандар арасындағы дәстүрлі емес қатынастарды насихаттауды реттеудің құқықтық аспектілері жалпыландырылған.
Сарапшылардың пікірі бойынша:
Осылайша, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Н.Б. Есімовтың айтуынша, «жыныстыққа қатысты идеологияланған мазмұнмен жасөспірімдердіпсихологиялық шамадан тыс жүктеу:
Сонымен қатар зерттеу барысында әлеуметтік медиада ЛГБТ тақырыбы бойынша біршама жарияланымдар анықталды. Атап айтсақ, зерттеу жүргізу кезеңінде аталған тақырып бойынша 1559 материал жарияланды. Бұған қоса, әлеуметтік медианың танымал алаңдарында дәстүрлі емес бағдар сұрақтарына қатысты, ЛГБТ құндылықтарын насихаттаумен материалдарды жариялайтын блогерлер мен тұтынушылардың белсенділігі байқалды.
ЛГБТ туралы ақпаратты алудың қайнар көзі бойынша сауалнамаға қатысушылардың көбі аталған тақырып бойынша мәліметті дәл осы әлеуметтік желілерден (63,7%) алатынын хабарлады, ал дәстүрлі БАҚ – теледидар, радио, баспа басылымдары – екінші деңгейде (42,6%) болып қалуда.
«Жасөспірімдер, сәйкестікті қалыптастыру кезеңінде бола отырып,медиа-мазмұнға сезімталдықтың жоғары деңгейін көрсетеді, бұл мазасыздықты, ішкі шатасуды және өзін-өзі анықтауда қиындықтарды туындатуы мүмкін. Жас азаматтар үшін дәстүрлі емес жыныстық қатынастар туралы ақпараттың негізгі көзі әлеуметік желілер болып табылады, бұл цифрлық тәуелділіктің жоғары деңгейін және тексерілмеген немесе идеологиялық боялған ақпарат алдындағыосалдығын көрсетеді», - деп есепте айтылады.
Жүргізілген зерттеу бойынша есеп балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету жұмысында есепке алу мақсатында зерттеу авторларымен уәкілетті органдарға және ҚР Парламентіне берілді.
Осы мәселе бойынша қоғамдық талқылаулар ҚР Парламентінің қабырғасында а.ж. қыркүйекте жалғастырылады деп күтілуде.
Abai.kz