Сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамдық бақылау аса маңызды

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен құрес қарқынды жүріп келеді. Ол екі бағытта нақты көрініс табуда. Біріншісі қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру болса, екіншісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдық шектеулерді күшейту, кемелдендіру болып табылады.
Бұл екі шараның да өзегінде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке. ұлт мүддесіне зиянын жан-жақтылы түсіндіру, талқылау. алдын алу, шара қолдану тетігін ортақ қалыптастыру жолдары жатыр.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекет мұддесінен, қоғам қажетінен жеке мүддені жоғары қойғанда туындайды. Сондай пиғылдағы адамдар жеке бас пайдасы үшін халық пен мемлекет мүлкін талан-таражға салады. Сол үшінде бұл арада қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы дұрыс көзқарас орнату аса маңызды. Ол мақсатқа жету үшін «Отан отбасынан басталады» дегендей жанұяда, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында жекебас пайданы емес, көпшілдікті, ұлтжандылықты, мемлекетшілдік ұстанымды, отаншылдық тәрбиені жүйелі түрде жұргізу аса маңызды. Бұл да ұлттық идеологияның мағызды нышаны болу керек.
Елімізде соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық тәрбиеден бөлек, заңдық іс шараларда ауқымды жүргізілуде. Оның нақты көрінісі ретінде мынандай шараларды атауға болады.
Атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі интнрнет дәуірінде бұл шараның нәтижесінің қомақты болары айтпасада түсінікті. Тағы да қолға алынған өнімді шараның бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бұлда жаман пиғылды адамдардың қоғамға, ел бюджетіне келтірер зиянының алдын алатын қажетті шара екені анық.
Ең бастысы елімізде қаржылық бақылау шараларын күшейтуге заңдық тұрғыдан жол ашылды. Парламентте шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң нормалары дайындалды.
Осындай нақты шаралардың арқасында мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлік нысандарында, тұрмыстық қарым-қатынаста жемқорлық фактілері айтарлықтай азайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті аяғына дейін жеткізу үшін заңдық іс-қимылдардан бөлек, қоғамдық бақылау да аса маңызды. Сондықтан заң мен тәртіпке дүрыс таным орнату, саналы түрде бойсұну әр азаматтың қасиетті парызы екені анық.
Abai.kz