Сейсенбі, 5 Тамыз 2025
Деп жатыр 109 0 пікір 5 Тамыз, 2025 сағат 12:33

Қазақстанда жаңа отандық маркетплейс іске қосылады

Сурет: blog.maed.ru сайтынан алынды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің сөзінше, бұл Үкімет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Өз деңгейінде артықшылыққа да ие. 

– Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша инновациялық агромаркетплейс әзірлеп жатырмыз. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды, – деді ол. 

Министр жаңа форматтағы отандық B2B платформасының артықшылықтарына да тоқталып өтті.

– Ол көтерме импортты реттеуге шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Осыған орай отандық электрондық платформаны әзірлеп, шетелдік электрондық платформалармен интеграциялау жоспарда бар. Қазір платформаны толық іске асыру үшін сертификаттау рәсіміндегі техникалық кедергіні жою мәселесін нақтылап жатырмыз, – деп ашық айтты министр. 

Abai.kz

0 пікір