Бокстан Азия чемпионатында кімдер шығады

World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында 2025 жылғы Азия чемпионатында 6 тамызда қазақстандық тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия
6 жұп. Ерлер. 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев — Дечен Дорджи (Бутан)
8 жұп. Ерлер. 65 келі. Илья Калинин — Марк Эшли Фахардо (Филиппин)
9 жұп. Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал —- Мухаммад Ариф Айман (Малайзия)
13 жұп. Ерлер. 80 келі. Санжарали Бегалиев — Анкуш (Индия);
17 жұп. Ерлер. 90 келі. Темирлан Мұқатаев — Йечан Мун (Оңтүстік Корея).
Кешкі сессия
2 жұп. Әйелдер. 48 келі. Гүлназ Бөрібаева — Биндерья Содон-Од (Моңғолия)
13 жұп. Әйелдер. 70 келі. Бақыт Сейдиш — Парнджал Ядав (Үндістан);
15 жұп. Әйелдер. 75 келі. Шұғыла Нәлібай — Шрути (Үндістан)
17 жұп. Әйелдер. 75 келіден жоғары. Әсел Тоқтасын — Диёрахон Абдуманнобова (Өзбекстан).
Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Вьетнам, Бутан бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 дейінгілер арасында бокстан 2025 жылғы Азия чемпионатында 5 тамызда қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға шықты.
Abai.kz