Жұма, 8 Тамыз 2025
Қоғам 143 0 пікір 8 Тамыз, 2025 сағат 13:10

Ажырасу тәртібі өзгереді: нені білу керек

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды

Биыл 16 қыркүйектен бастап елімізде неке бұзу тәртібі өзгереді.

2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Атап айтқанда, аталған кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақша енгізілді:

— Егер ерлі-зайыптының біріне құзырлы органдар халықаралық іздеуге жарияласа, сот санкциясымен халықаралық іздеу мерзімі 3 жыл толғаннан кейін неке бұзылады, — делінген құжатта.
Осыған ұқсас толықтыру некені сот арқылы бұзу тәртібін реттейтін кодекстің 238 және 241-бабына да енгізілген.

— Бұл дегеніміз, егер жұбайы ұзақ уақыт бойы жасырын жүріп, халықаралық іздеуде болса, екінші тарап оның қатысуынсыз сотқа жүгініп, некені ресми түрде бұза алады, — деп түсіндірілген.
Айта кетейік, елімізде ажырасу үрдісін тереңірек зерттеу үшін кешенді баяндама әзірленеді.

Abai.kz

0 пікір