Жұма, 8 Тамыз 2025
«Соқыр» Фемида 178 0 пікір 8 Тамыз, 2025 сағат 13:52

Жаһандық геосаясат: кімнің жобасы?

Сурет: 365info.kz сайтынан алынды

Қай заманнан екені белгісіз АҚШ бүкіл дүние халықтарының арманы болып келеді. Себебі неде деген сұрақ мені көп ойландырды. Осы сұрағыма төмендегідей себептер таптым.

Әрине оның қоғамдық тұрғыдағы еркіндік, әділдік, теңдік, мүмкіндік дегендей жақтарының дүниеде ең алдынғы орында екенін қайталағым келмейді. Оны жұрттың барлығы біледі. Географиялық орналасуының өзі ешкімде жоқ артықшылық. Оны айтпасам да дүйім жұртқа белгілі. Менің айтпағым АҚШ-тың дүниелік геосаяси есебі мен әрекеті және жеткен жетістігі туралы болмақ.

Қарап тұрсаңыз дәл қазір АҚШ Атлант мұхиты мен Тынық мұхитының иесі екен. Тек қана мұхит емес, сондағы елдердің барлығын усына кіргізіп мықтап ұстап алған екен. Олар бөлек дүние. Мен ол дүниені жарық дүние деп атағым келеді. Себебі онда жоғарыда айтқан адамзат қоғамының барлық артықшылықтары бар. Ал бұл дүниенің қарама қарсы жағы керісінше, онда әділетсіздікке толы қараңғы қоғам. Бейне жарық дүние мен қараңғы дүние секілді орналасқан. Мүмкін бұл дүние осылай әдейі орналастырылған да шығар кім біліпті. Бір елдің халқы түгелдей бай болу үшін тағы бір елдің халқы түгелдей кедей болу керек деп кім айтқан еді? Сөздің иесі еске түспейді. Сол кісі айтқандай Жарық дүние елдеріндегі халықтар түгелдей бай болу үшін қараңғы дүниедегі хадықтар түгелдей кедей болу керек пе? Жарық дүниеде пейіш орнауы үшін қараңғы дүние салыстырмалы түрде тозақ болу керек пе?

Қорыта келгенде қараңғы дүние белгілі алпауыттардың ғасырлық жобасы болуы да ықтимал. Мысалға айтсақ Ресейден үрейленген Европа АҚШ-тың ықпалынан шықпайды. Ал бұл АҚШ-қа тиімді, Европаны және оның артындағы Атлант мұхитын иелеп алып, мұхитта еркін жүзіп, Европада еркін сайрандап жүр. Осыдан барып Ресейдің өмір сүруі АҚШ-қа тиімді деген қорытынды жасауға болар. Ал Қытайдан, Солтүстік Кореядан үрейленген шығыс елдері тағы да АҚШ-тың ықпалында болғылары келеді. Бұл да АҚШ-қа тиімді, Шығыс Азия елдері мен олардың арт жақтарындағы шалқып жатқан Тынық мұхиты мен ондағы арал елдеріне ие болып әмірикендер мұхитта еркін жүзіп, Шығыс Азияда емін еркін өз үйлерінде жүргендей жүр. Яғни Қытайдың, Солтүстік Кореяның өмір сүруі бірінші кезекте АҚШ-қа тиімді деген сөз. Ал Ираннан үрейленген Орта шығыс елдері (арабия, Израиль) тағы да АҚШ-тың ықпалына өз еріктерімен кірді. Осыдан келіп Иранның өмір сүруі тағы да АҚШ-қа тиімді деген қорытынды жасай аламыз. Ондай болса Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Иран АҚШ-қа тиімді елдер деген қорытындыға келемін. Оларсыз АҚШ жартыдан көп әлемді өзінің уысына ұстай алмас еді. Оларсыз АҚШ өзінің 20 мілдік теңіз жағалауынан ары бара алмай сонымен ғана шектелер еді. Себебі АҚШ-тың қорғауына еш ел зәру болмас еді.

Ал ары қарай қазбаласақ тылсым дүниенің тылсым сырлары ашыла береді. Аталмыш қараңғы дүниеде қазба табиғи байлықтар лықсып толып тұр. Оны ақысыз алу үшін Швейцария деген елді жасап қойған. Ондағы бәнкелер салымшының мәліметін өте құпия сақтайды. Ақша қайдан, неден келгені сүрістірілмейді. Тіпті ақшаның адал не харамдығы да анықталмайды. Жарық дүние Қараңғы дүниеден қазба байлықтарды сатып алады, ақша төленеді әрине әділетті және заңды. Бірақ қызықтың көкесі ары қарай болады. Заңды төленген ақшалар домаланып барып ықпалды тұлғалардың қалталарына заңсыз түседі құпиялыққа толы себептермен. Ол тұлғалар ол құпиялыққа толы ақшаларды құпиялықты мүлде құпия сақтайтын Швейцария бәнкелеріне тығады. Ол ақшалар миллиарттап трилиондап жиналып бәнкеге симай қалады. Әрине миллиарт ақшаның бір кішкентай пушпағын да әлгі тұлғалар жұмсап пайдаларына асыра алмайды. Олардың азарттары тек қана нөлдері тауықтың жұмыртқаларындай көбейіп жатқан цифырлар ғана болып қала береді.

Қазба байлықтарға төлем ретінде сол тау ақшалар қайтадан қараңғы дүниеге заңды түрде жөнелтіледі. Олар тағы да сол баяғы ықпалды тұлғалардың құпия қалталарына құпия түрде еніп кетеді. Ол тұлғалар ол құпиялыққа толы ақшаларды тағы да сол құпиялықты қатты сақтайтын Швейцария бәнкелеріне ендіріп жібереді. Міне осылай, ол триллион ақшалар бір үлкен өте үлкен дөңгелек су шығыры секілді айналады да тұрады, тоқтаусыз. Ал әлгі ықпалды тұлғалар мен солардың айналасындағы пысықайлар бейне сол сушығырдың ішінде бір бағытта тынбай тырбыңдап жүгіретін ақ тышқандар секілді сушығырды айналдырып жан таласады. Сол айналыспен қараңғы дүниенің байлығы су секілді жарық дүниеге тегіннен тегін тартылып ағып кетіп бара жатады. Не деген керемет ойластырылған жүйе иә! Әрине, сол суша тегін ағып бара жатқан байлықтан біз де дәмеліміз. Міне осылай дүние, барлығы жоспармен айналып жүріп жатқан секілді болып көрінеді. Біздің елге жарықтың түсе қалуы сол жарық дүниенің жоспарында бар ма әлде жоқ па? Жоқ болса болашағымыз қалай болмақ? Мәселе сонда. Менікі тек болжам ғана.

Өркен Тоқтарұлы

Abai.kz

 

0 пікір