Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Саңлақ 2559 0 пікір 21 Тамыз, 2025 сағат 13:49

Қазақстан әлем чемпионатын 5 медальмен аяқтады

Сурет: olympic.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері U20 санатындағы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады.

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес бойынша жарыстар өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды, соның ішінде біреуі алтын бар.

Әлем чемпионы атағын Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) жеңіп алды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1559
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3172
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1164
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085