Сейсенбі, 26 Тамыз 2025
Ел іші... 152 0 пікір 26 Тамыз, 2025 сағат 14:52

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі...

Коллаж: caravan.kz сайтынан алынды.

Қаржы министрлігі жаңа жобаны жариялады. Енді құны 20 000 АЕК-тен (шамамен 78 млн теңге) жоғары пәтер сатып алған азаматтардың банк шоттары бақылауда болады.

Министрліктің түсіндірмесіне сай, бұл қадам жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылауды күшейтіп, көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, салық органдары азаматтардың ақшалай операцияларын қашықтан мониторинг жасай алады.

Айта кетейік, жаңа Салық кодексінде құны 450 млн теңгеден асатын пәтер, көлік және мүлік иелеріне «сән-салтанат салығы» енгізілген.

Abai.kz

0 пікір