Күштік құрылымдар шығыны 3 трлн теңгеге көбеймек

Үкімет күш құрылымдарының шығынын 335 млрд теңгеге ұлғайтқалы отыр. Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылы күш құрылымдарының шығыны 3 трлн теңгеге дейін ұлғайтылатынын мәлімдеді.
– Осы жылдың жоспарына қарағанда бұл бағытта шығын 335 млрд теңгеге ұлғайып, жалпы шығыстар үлесінде шамамен 11% құрайды - деді ол.
Тәкиевтің сөзінше, бұдан басқа, республикалық бюджет жобасында 2026 жылға арналған субвенция көлемі 5,1 трлн. теңгені құрап, 2027 жылы – 6,4 трлн. теңгеге, 2028 жылы – 6,8 трлн. теңгеге артады.
Abai.kz