Қаржы агенттігі заңды жиі бұзатын 34 блогерді атады

Кейінгі екі жарым жылда 205 жасырын казино жабылып, олардың жұмысына қатысы бар 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Жыл басынан бері онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы бар 34 блогер анықталған.
Агенттік дерегінше, қазіргі таңда негізгі қауіп шетелде тіркелген онлайн-казинолардан туындап отыр. Олар ел азаматтарын құмар ойынға тартып, оларды лудомания құрбанына айналдырып жатыр.
Агенттік дерегіне сәйкес, олардың ішінде: Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Тұрғанов Наиль, Диляра Аманқосқызы және басқалар бар. Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал 23 контент жасаушыға қатысты материалдар Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданған. Көпшілігі заңды бір реттік емес, жүйелі түрде бұзады. Мәселен, хип-хоп орындаушы «Baller» (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған.
Abai.kz