Ең төменгі жалақы өсе ме? Министр не дейді?

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі әзірленгенін атап өтті. Есептеу барысында еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, медианды жалақы және инфляция есепке алынады
- Зерттеулер ең алдымен деректерді жинауды көздейді. Кемімелі көрсеткіш дұрыс құрам қалыптастыру, есептеулерді дұрыс жүргізу үшін қажет. Бүгінде бұл үш институт тарапынан қолға алынған. Жұмыс әлі аяқталған жоқ. Соған орай шешім де қабылданбады. Дегенмен бұған дейін Жұманғарин мырза (Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі) республикалық бюджетте 2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілгенін айтқан еді, - деді министр.
Осы орайда БАҚ өкілдері ең төменгі жалақының 2027 жылы арту мүмкіндігін сұраған болатын.
- Айта алмаймын. Өздеріңіз де білетіндей, бұл – макроэкономикалық көрсетеіш. Қазіргі уақытта министрлік ең төменгі жалақы қандай болуы керектігін дұрыс есептеу және жұмыс тобына шешім қабылдауға ұсыну үшін жұмыс істеп жатыр. Тағы да атап өткіакеледі, ең төменгі жалақы жалақы көрсеткіші емес, макроэкономикалық көрсеткіш саналады. Ең төменгі жалақы біліктілігі төмен, білімі, құзіреті, дағдысы жоқ мамандарға төленеді. Ал жоғары жалақы алу үшін, өзіңді ең төменгі зейнетақымен қамтамасыз ету үшін өмір бойы білім жетілдіріп, жұмыс істеу қажет, - деді Светлана Жақыпова.
Дереккөзі: Қазақпарат
Abai.kz