Фронттағы жаңа қару: Электросамокаттар...

Кезінде танктер мен ауыр артиллерия үстемдік құрған майданда қазір жеңіл әрі жылдам қозғалысқа арналған көліктердің маңызы артып келеді.
Әсіресе мотоциклдер мен электросамокаттар жауынгерлер үшін таптырмас құралға айналған. Украина әскері латвиялық Global Wolf Motors компаниясы шығарған Mosphera атты электросамокаттар майдан даласында сынақтан өткізіп жатыр.
Бұл техника кәдімгі қаладағы самокатқа ұқсамайды. Көлемі екі есеге үлкен, жол талғамайтын қуаты жоғары, бір зарядпен 300 шақырымға дейін тоқтаусыз жүреді. Жылдамдығы сағатына 100 шақырым. Салмағы небәрі 70 келі, яғни мотоциклден әлдеқайда жеңіл. Ауыр техника жүре алмайтын жерлерде жауынгерге жылдам қимылдау мүмкіндік беруде.
Әскери самокаттар қару-жарақты алдыңғы шепке жеткізуге, қарсылас тылының маңында барлау жүргізуге және жараланған сарбаздарды шұғыл эвакуациялауға кеңінен қолданылуда. Mosphera электросамокаттары әскери базалар мен шекара күзетінде қолдану үшін жасалған болатын. Бірақ Украинадағы соғыс жағдайы бұл техниканың нағыз майдан даласында да аса қажет екенін дәлелдеп берді.
Әсіресе орманды аймақтарда маневр жасауға өте ыңғайлы. Үлкен көлік сыйайтын жерлерден самокат еркін жүреді. Ал салмағы жеңіл болғандықтан, батпаққа батып қалса да, екі жауынгер көтеріп алып шыға алады. Жасырынуға да ыңғайлы – пайдаланылмай тұрған кезде оны бұтаның арасына немесе ағаштың астына қоя салуға болады.
Нұрлан Жұмақанов
Abai.kz