СҚО-да мамонт сүйегі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде балық аулап жүрген құтқарушы мамонтқа тиесілі болуы мүмкін сүйекті тауып алды.
Ғалымдар бұл олжаны сирек кездесетін сенсация деп бағалап, өзеннің түбінде тұтас қаңқа сақталған болуы ықтимал екенін айтып отыр. Жіліктің ұзындығы 1 метрден асады, салмағы 15 келіге жуық.
СҚУ профессоры Анатолий Плешаковтың атуынша, сүйекті ТЖД қызметкері Әсет Шайкин тапқан. Ол балық аулап жүрген кезде судан шығып тұрған алып сүйекті байқап, кейін суретін ғалымдарға жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл — 150 мың жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың немесе жүндес мүйізтұмсықтың сүйегі. Ғалымдар бұл маңнан толық қаңқа табылуы мүмкін деп болжам жасап отыр.
Abai.kz