Жұма, 19 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 157 0 пікір 19 Қыркүйек, 2025 сағат 15:09

Демалыс күндері ел аумағында қар жауады

Сурет: Қазгидромед сайтынан алынды

Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп өңірінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Көптеген өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды. Дегенмен елдің солтүстік жартысында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Abai.kz

 

0 пікір