Сәрсенбі, 24 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 104 0 пікір 24 Қыркүйек, 2025 сағат 15:40

Тоқаев пен Макрон АҚШ-та кездесті...

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді.

Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Abai.kz

0 пікір