Сәрсенбі, 24 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 603 0 пікір 24 Қыркүйек, 2025 сағат 19:15

«Түтінсіз болашаққа» қадам

Астанада «Филип Моррис» компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық TECHNOVATION форумы өтті. Басқосуда темекі шегуден туындайтын зиянды азайту жолдары және түтінсіз инновациялық өнімдердің қоғам денсаулығын қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Шараға Қазақстанмен қатар Ресей, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қонақтар қатысты.

Филип Моррис Қазақстан

Форумның басты мақсаты – медицина саласының мамандары, ғалымдар және индустрия өкілдері арасында кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік беру, сондай-ақ ересек темекі шегушілерге дәстүрлі сигареттен баламалы өнімдерге көшу жолдарын қарастыру.

Темекіден технологияға

«Филип Моррис» 2014 жылдан бері түтінсіз болашақ идеясын насихаттап келеді. Сол жылы алғаш рет Италияның Милан және Жапонияның Нагоя қалаларында шылымқорларға арналған инновациялық өнімдерін таныстырған болатын. Бұл компанияның дамуындағы бетбұрыс кезеңі болды.

Бүгінде бұл бастама 97 елді қамтып отыр, оның ішінде ТМД-ның 10 нарығы бар. Өңірде төрт өндірістік алаң жұмыс істейді: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Пәкістанда. Сонымен бірге Арменияда ғылыми орталығы ашылған.

Филип Моррис Қазақстан

PMI компаниясының коммуникациялар және серіктестік жөніндегі вице-президенті Томмазо Ди Джованнидің айтуынша, тек ТМД елдерінде ғана шамамен бес миллион адам дәстүрлі темекіден түтінсіз өнімдерге ауысқан.
– Өңірде 70 миллионға жуық шылымқор бар. Соның бесеуі миллионға жуығы зияны аздау баламаны таңдады. Бірақ алда әлі үлкен жұмыс тұр. Жаңа өнім ұсынумен шектелмей, ғылым мен білімге инвестиция құя отырып, инновацияға жағдай жасау маңызды, – деді ол.

Дәрігерлер даусы

Форум аясында «Темекі зиянын азайту: медицина қауымдастығының көзқарасы» атты пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Онда дәрігерлер мен зерттеушілер қазіргі технологиялардың темекі шегетін адамдар үшін денсаулыққа келтірер зиянды азайтудағы мүмкіндіктерін талқылады.
Мамандар қоғамда тараған жалған ақпарат пен мифтердің көптігін айтып, ғылыми деректерді ашық жеткізудің қажеттілігін атап өтті.

Медицина өкілдерінің пікірінше, түтінсіз технологиялар қоғамдық денсаулық сақтау ісінде маңызды құралға айнала алады. Ол үшін дәрігерлер, ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық пен халыққа түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуі қажет.

Никотин туралы қате түсініктер

Форумда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – никотин жайлы мифтер болды. «Филип Моррис» зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 38%-ы темекі түтініндегі ең зиянды зат – никотин деп қате ойлайды.

– Никотин қатерлі ісік тудырмайды және темекіге байланысты аурулардың басты себебі емес. Негізгі қауіп – темекіні жаққанда пайда болатын жану өнімдері, – деді PMI-дің Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД және Таяу Шығыс елдеріндегі ғылыми ынтымақтастық директоры Томоко Иида. – Сол себепті түтінсіз технологиялардың денсаулыққа зиянды азайтуға әлеуеті жоғары.

Филип Моррис Қзақстан

Ол сондай-ақ бірқатар елдердің, соның ішінде Ұлыбританияның, никотиннің салыстырмалы түрде төмен қауіп деңгейін ресми түрде мойындағанын еске салды. Дегенмен, аймақта жаңа технологияға деген сенімсіздік әлі де басым, сондықтан ашық диалог пен білім беру бастамалары қажет.

Қазақстан – көшбасшы ел

2024 жылы Қазақстан ТМД мен Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер арасында шылымқорлар санын азайту бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Елде темекі шегудің таралу деңгейі 5,5%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш Ресей (-3,2%) мен Армениядан (-3,1%) да жоғары болды.

Мұндай нәтижеге мемлекеттік бағдарламалар, үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары және түтінсіз өнімдер нарығының дамуы ықпал етті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2015 жылы темекі шегудің салдарымен күрестегі негізгі бағыттарды белгілеген еді: ең зиянды никотин өнімдерін азайту, қауіпі төмен балама жүйелерді дамытуға қолдау көрсету және мұндай өнімдерді тұрақты түрде бақылау. Форум осы қағидаттарды өңірлік деңгейде іске асыру жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Филип Моррис Қазақстан

Заңсыз нарық мәселесі

Жиында заңсыз өнім айналымы да сөз болды. PMI-дің ТМД елдеріндегі корпоративтік істер жөніндегі директоры Алексей Кимнің айтуынша, Қазақстан бюджеті контрабанда мен жалған тауарлардан жыл сайын шамамен 32 млрд теңге жоғалтады.
Бұл тек қаржылық шығын ғана емес, сонымен қатар сапасыз әрі бақылаусыз өнімдердің халық денсаулығына төндірер қаупі зор.

Technovation – жаңа бастама

Астанада өткен алғашқы Technovation форумы Қазақстан мен көршілес елдер үшін маңызды алаңға айналды. Сарапшылар, мемлекеттік құрылымдар және индустрия өкілдері бірігіп, темекі зиянын азайтуға бағытталған ортақ қадамдарды талқылады.

Қатысушылардың пікірінше, тек ашықтық пен ғылымға сүйенген тәсіл ғана қоғамдағы жағымсыз үрдістерді еңсеруге мүмкіндік береді. Сол арқылы адамдардың денсаулығы басты құндылық саналатын «түтінсіз болашаққа» қадам жасауға болады.

Abai.kz

0 пікір