Жұма, 17 Қазан 2025
Жаңалықтар 666 0 пікір 25 Қыркүйек, 2025 сағат 15:20

Газа: 900 мыңнан астам адам көшуден бас тартты

Сурет: lenta.ru сайтынан алынды.

Газа қаласы мен сектордың солтүстігінен 900 мыңнан астам адам көшуден бас тартты.

Израиль әскері палестиналықтардан Хан-Юнустағы әл-Маваси ауданы мен Рафахтың солтүстік бөлігінен кетуді талап етіп жатыр. Бұл аймақтарда шамамен 1 млн халық тұрады.

Газа үкіметі 900 мыңнан астам адамның Газа қаласы мен оның солтүстік аудандарынан көшпей отырғанын хабарлады.

Израиль шабуылдарының күшеюінен 335 мыңға жуық палестиналық үйін тастап, сектордың оңтүстігіне қоныс аударған.

Алайда күнкөріс қиындығынан олардың 24 мыңнан астамы қайта оралған. Соңғы үш күнде Газадан мәжбүрлі түрде көшкендердің саны 60 мың адамға жетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 925
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10167