Бейсенбі, 25 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 588 0 пікір 25 Қыркүйек, 2025 сағат 18:15

Ауыс-түйіс: Ақорда кімдерді қызметтен босатты?

Суреттер: Ақорда сайтынан алынды.

Бүгін Ақорда біраз ауыс-түйістер жасауда. Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды. Олардың орнына бірқатар адам жаңа лауазымдарға ие болды.

Қызметтерінен босатылғандар:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Abai.kz

0 пікір