«Қайрат» жанкүйерлері «Алтын орда ұрпақтары» атты суретті трибунадан көрсетті

Қазақ футболы үшін бүгінгі айтулы күнде «Қайрат» ФК фанаттары Қазақстанның алып «Алтын Орда» мұрагері екенін бүкіл әлемнің есіне тағы да салды!
(Сурет:Скрин)
Еуразия жүрегінде, Ұлы Жібек жолының қақ ортасында орналасқан, батыс пен шығысты, түрлі мәдениеттерді ғасырлар бойы тоғыстырған Алматы қаласының Орталық стадионында кеңінен жайылған үлкен матада бір ғана жазу бар: «Descendants of the Holden Horde» – «Алтын Орда ұрпақтары». Бұл біздің сан ғасырға созылған бай тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін ғажап символикалық перфоманс.
Расында да, Алтын Орда – өз қол астында миллиондаған адамның басын қосып, түрлі мәдениетті біріктіріп, оларға ұлы империяға, адамзат тарихындағы ең үлкен империялардың біріне тиістілігін сезіндірген бірегей тарихи мысалдардың бірі.
Иә, біз сол Алтын Орда ұрпағымыз. Өз дәуіріндегі ең қуатты да алып мемлекеттердің бірін құра білген Ұлы дала батырлары мен қолбасшылардың мұрагеріміз.
Бүгін қазақстандықтар Чемпиондар лигасы тарихындағы ең мықты клубты – Испанияның Реал Мадрид командасын қабылдап жатыр. Біздің футболшыларымыз бен жанкүйерлеріміздің көңіл-күйін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңына дейін күресетініміз хақ!
Алға, Алтын Орда ұрпақтары!
Алға, Қазақстан!
Abai.kz