Сәрсенбі, 22 Қазан 2025
Жаңалықтар 563 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 14:45

Екінші АЭС Алматы облысында салынады

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында салынады. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда атом станциясы құрылысына арналған екінші орын таныстырылды... Келесі орын Алматы облысының Жамбыл ауданы болмақ», - деді Сәтқалиев.

Ол мұны оңтүстіктегі энергия тапшылығымен түсіндірді. Дегенмен екінші АЭС-ті кім салатыны белгісіз. Бұған дейін елде екінші және үшінші АЭС-ті қытайлық CNNC корпорациясы салуы мүмкін айтылған еді.

«Барлық тараптармен келіссөз жүргізіп жатырмыз және CNNC салады деген түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бірақ CNNC компаниясын АЭС құрылысы бойынша басымдық беретін мердігер ретінде қарастырамыз», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1027
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10367