Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 382 0 пікір 2 Қазан, 2025 сағат 17:19

Ресей Өзбекстанда тағы бір АЭС салады

Сурет: azh.kz сайтынан алынды.

Өзбекстан бір алаңға екі атом электр станциясын орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тиісті келісімге өзбек делегациясының Ресейге сапары барысында қол қойылды. Құжатқа сай, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Джизак облысында анықталған алаңда бір аз қуатты және бір ірі АЭС құрылысын бастамақ.

«Uzatom» агенттігі өкілдерінің мәліметінше, әрқайсысының қуаты 55МВт болатын екі «РИТМ-200Н» рекакторы және жалпы энегрия өндіру қауқары 2000МВт-қа тең қос «ВВЭР-1000» реакторы бой көтереді.

Тоқтала кетейік, бұған дейінгі өзбек АЭС-іне 55МВт 6 реакторды (жалпы қуаты 330МВт) орналастыру жоспары болған. Енді олардың саны екеуге дейін қысқарады, тиісінше оның қуаты 110МВт-пен шектеледі. Сонымен қатар, белгіленген алаңға, яғни Тузкан көліне тағы бір ірі атом станциясы салынады.

Еске салайық, бұған дейін ресми Ташкент пен Будапешт өзбек АЭС-іне салқындату жүйесін енгізу мүмкіндігін талқылап жатқанын жазып едік.

Қоса кетсек, таяуда Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде бірнеше АЭС салу бастамасын көтерген болатын. Тиісінше, 25 қыркүйекте алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 410
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 6480
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 393