Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1721 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 14:39

Тоқаев ОПЕК бас хатшысы әл-Гаисты қабылдады

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайтам әл-Гаис әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды.

Әңгімелесу барысында өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды. Сондай-ақ мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызына мән берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1111
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 735