Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1594 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 14:44

Путин: Біз АҚШ-қа уран саудалап отырмыз!

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Путин АҚШ-қа 800 млн долларға уран сатқанын мәлімдеді және Украинаға Tomahawk ракетасы берілуі мүмкін туралы ақпаратқа пікірін айтты, - деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

«Биыл алғашқы жарты жылда АҚШ-қа 800 млн доллардан астам уран саттық. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш миллиард доллардан асады деп ойлаймын. Қазір 2026 жылы бұл 800 млн доллардан астам болады деп қарастырылып жатыр. Сондықтан жұмыс жалғасып жатыр. Америкалықтар тиімді болғандықтан біздің уранды сатып алады. Және дұрыс істеп жатыр», - деді Путин.

Оның сөзінше, Ресей АҚШ-қа уран тасымалдау көлемі бойынша екінші орында тұр және елге импортталатын жалпы уран көлемінің 25 пайызын қамтамасыз етеді. Путин сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамптың 2022 жылы Американы өзі басқарғанда Ресей мен Украина соғыспас еді деген пікірімен келісетінін де жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 755
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723