Сәрсенбі, 8 Қазан 2025
Жаңалықтар 184 0 пікір 8 Қазан, 2025 сағат 14:25

Жаңа Құрылыс кодексінің негізгі мақсаттары қандай?

Сурет: kaz.nur.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының жобасының бірінші оқылымы өтті.

Онда Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұрат Әбеновтің қосымша баяндама жасады.

***

Мұрат Әбенов:

Қазақстан Республикасының Үкіметі (Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) «Құрылыс кодексі» және оған ілеспе заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына ұсынды.

Аталған заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру мақсатында дайындалған.

Жаңа Құрылыс кодексінің негізгі мақсаттары:

- адам өмірі мен қызметі үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру, соның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- қоғамның архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатысуына, сондай-ақ қоғамдық немесе жеке мүдделерге әсер ететін шешімдер бойынша ұсыныстар енгізуіне мүмкіндік беру;

- архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтарға уақтылы ден қою үшін жедел ықпал ету шараларын енгізу;

- жобалау және құрылыс-монтаждау саласындағы ұйым мамандарын сертификаттау арқылы олардың біліктілігін арттыру;

- архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүйелерін ақпараттық сүйемелдеу;

- құрылыс нысандарының өмірлік циклы кезеңдерінде ақпараттық үлгілеу жүйесін (ТИМСО) енгізу;

- мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауы органдарының құрылыс нысандарына бару кестесін тапсырыс берушінің ерікті түрде ұсынуы арқылы мемлекеттік бақылауды күшейту;

- сейсмикалық қауіпті аймақтарда жобалау және құрылыс жүргізудің ерекшеліктерін ескеру арқылы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық тәуекелді анықтау;

- мемлекеттік органдардың құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау кезінде мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеруге қатысуы.

Сонымен қатар, Құрылыс кодексінің жобасы құрылыс нысандарының пайдалану және кейінгі жою кезеңдерін де қамтиды.

Атап өткім келетіні, депутаттардың шешімімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы бөлім Кодекстен алынып тасталды. Бұл нормалар бөлек заң жобасы арқылы іске асырылып, күшіне енді.

Ерсайын Қайырғазыұлы өз баяндамасында Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасында көзделген негізгі бағыттарды жан-жақты ашып көрсетті.

Құрылыс кодексінің және оған ілеспе заң жобалары 55 жұмыс тобының отырысында және Комитеттің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды.

Бүгінгі таңда Құрылыс кодексінің жобасы бойынша депутаттардан 1 725 ұсыныс, ал ілеспе заң жобасы бойынша 72 ұсыныс келіп түсті. Жұмыс тобы ұсыныстарды белсенді түрде талқылап жатыр.

Мәжілістің барлық комитеттері заң жобасы бойынша өз қорытындыларын берді.

Құрметті депутаттар!

Осыған байланысты Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймыз. 

Жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау аясында өз жұмысын жалғастыратын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 737
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9668