Сейсенбі, 14 Қазан 2025
Аласапыран 169 0 пікір 14 Қазан, 2025 сағат 13:08

Украина әскері Түркілердің балбал тастарын қорғап жүр!

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды.

Днепропетровск облыстық өлкетану музейінің бастамасымен украин әскері Донбас маңындағы шайқас аумағынан құнды тарихи жәдігер саналатын түркілердің ежелгі балбал тастарын қауіпсіз жерге жеткізді.

БАҚ бұл балбал тастар ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында қазіргі Украинаның оңтүстік-шығысын мекендеген қыпшақ-түріктердің мұрасы екенін жазуда.

Бүгінде бұл аймақ Ресей әскерімен уақытша оккупацияланған. Соған қарамастан, украин сарбаздары 20 балбал тасты ұрыс даласынан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Әрбір балбал тас ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігер. Қыпшақтардың мәдени коды, дүниетанымы мен рухани болмысы осы балбал тастардың қатпарында жатыр десек артық айтқандық болмас еді.

Сириядағы Пальмира қиратылып, Ауғанстандағы Бамиан Буддалары жермен жексен етілгенде, бүкіл әлем үнсіз күйзелгені есімізде. Сондай ауыр жағдай түркі балбал тастарын айнлып өтті.

Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығы инфрақұрылымды күйретіп, бейбіт тұрғындардың өмірін күл-талқан етіп жатқан жоқ. Ол Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени тепе-теңдікті де бұзып жатыр.

Киев, Харьков, Мариуполь маңындағы ежелгі қорымдар, жәдігерлер мен қазбалар тікелей зымыран астында қалуда. Осындай аласапыран сәтте украин сарбаздарының балбал тастарды құтқаруы олардың деген құрметін көрсетеді.

Тіпті, кейбір балбал тастар ауыр әскери техникамен арнайы операция арқылы алынып шыққан. Мұндай жүрек тебірентер көріністер турасында болашақта фильм түсіруге де болады.

Қыпшақ балбал тастарын аман алып шығу ертеңгі ұрпақтың тарихи жадысын сақтап қалудың, өткенмен байланысын үзбеудің, өркениеттердің арасын алшақтатпай, керісінше, жақындата түсудің үлгісі. Украина жауынгерлері тек шекарасын ғана қорғап жатқан жоқ. Олар біздің де рухани шекарамызды сақтап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 869
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10039