Сәрсенбі, 15 Қазан 2025
Аласапыран 155 0 пікір 15 Қазан, 2025 сағат 14:50

Мәскеудің түн ұйқысын төрт бөлген - «Tomahawk»

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Зеленский мен Трамп осы жұмада жүзбе-жүз жолығады. Талқыланатын басты мәселе - «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру.

Трамп бұл ұсынысқа кетәрі емес екендігін білдірді. Бірақ, нақты жауап әлі айтылмады. Долбар көп. Сарапшылардың көбінің пікірі, АҚШ бұл жойқын қаруды беріп қалады-ау дегенге келеді.

Әлгінде Ресейбасы Путиннің өзі «Tomahawk» зымырандары «қуатты» екенін мойындады. Десе де, түр бермеген кейіпте: «Бірақ ол зымырандар ұрыс алаңындағы күштердің тепе-теңдігін өзгертпейді», - деп сөйледі.

Сарапшылардың пікірінше, өзгеріс болады. Қалай дейсіз бе? Былай:

Бұл зымырандар Украинаның жауап соққыларын күшейтеді. Мәскеу мен Петербордағы стратегиялық және энергетикалық нысандарға тікелей қауіп төндіреді.

«Tomahawk» зымырандарының ұшу және соққылау қашықтығы модификациялануына байланысты 1500-ден 2500 шақырымға дейін құрайды. Мәскеу Украина шекарасынан 750-800 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бұл Украина әскеріне Ресей астанасындағы нысаналарды атуға мүмкіндік береді.

«Financial Times» басылымы: «Егер «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы шешім қабылданса, Украина шамамен 20-50 дана зымыранды алады», - деп жазады. Басылымның мәліметінше, қазір Пентагонның арсеналында шамамен 4150 «Tomahawk» зымырандары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 889
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10091