Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Билік 193 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 13:03

Тоқаев Бектеновке апта соңына дейін уақыт берді...

Сурет: azh.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновке жұмыс аптасының соңына дейін үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын азаматтардың мүддесіне сай жүзеге асыруды оңтайландыру бойынша нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің көмекшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібай:

«Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды», - деп жазды.

Ал БАҚ: «Шағын бизнес пен қымбатшылықтан қажыған халықтың шағымы Ақордаға жеткен тәрізді. Тоқаев Үкіметке апта соңына дейін қазіргі экономикалық реформаның кем-кетігін түзету жоспарын әзірлеуді тапсырды», деп хабарлайды.

Президент бағдарламадағы басымдықты шағын және орта бизнесті қолдауға, халықтың табысын арттыруға бағыттауды міндеттеп отыр.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономикалық саясат негізінен ел мүддесі мен жаһандық трендке сай келеді. Дегенмен бағдарламаның нақты орындалуын шағын бизнесті көтермелеуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жалпы экономиканы сауықтыруға бейімдеу керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 910
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10131