Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Әне, көрдің бе? 161 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 13:32

Франкфурттан сөйлеп тұрмыз...

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Шыны керек, қазір кітап оқитындардың саны бұрынғыдан еш кемімепті.

Әлемге әйгілі баспагерлер мен кітап ісіне қатысы бар қайраткерлердің басын қосқан Франкфурт халықаралық кітап көрмесі бізді біраз ойға қалдырды.

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Бүкіл қала осы күндері кітаппен тыныстап, кітаппен дем алып тұрғанын жазбасам тағы болмас. 92 мемлекеттен 4300 баспа өкілі қатысқан бұл шараның үні шаршы әлемге жетіп жатыр.

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Көрменің алғашқы күні Қазақстан стендінде де маңызды шаралар өтті. Неміс жазушысы Anja Tuckermann қатысқан жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» кітабының таныстырылымы үлкен қызығушылық тудырды.

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Сонымен бірге Almatykitap баспасы шығарған "Шоқан. Шығыстың жарық жұлдызы» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Сурет: Автордың жеке қорынан алынды.

Ал қазақ әдебиетінің классикасы саналатын Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының таныстырылымы ерекше форматта өткізілмек.

Көрме барысында Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Сингапур және басқа елдердің баспагерлері қазақстандық әріптестерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 910
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10131