Сенбі, 18 Қазан 2025
Маңызды 3139 0 пікір 17 Қазан, 2025 сағат 21:23

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы: Қазақстанның ТЖМ жетістіктері мен жаңа бастамалары

   2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық оммуникациялар қызметінде «19 қазан – Құтқарушы күні!» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министр генерал-майор Кеген Тұрсынбаев сөз сөйледі.

https://www.gov.kz/

Баспасөз конференциясына ТЖМ құтқарушысы, өрт сөндірушісі, сүңгуірі, кинологы, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкері мен «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқышы да қатысты.

Кеген Тұрсынбаевтың хабарлауынша биыл ТЖМ құтқару қызметінің 30 жылдығын атап өтуде, бұл құрылым ерлік, өз міндетіне адалдық және жоғары кәсібилік символына айналды.

Отыз жылда қызмет айтарлықтай дамып, жетістіктерге жетті. Реформалар мен сынақтарға қарамастан, құтқарушылар әрдайым шешуші сәттерде алдыңғы қатарда болды.

Бұл кезеңде шамамен миллионға жуық зардап шеккен адамға көмек көрсетіліп, жарты миллионнан астам төтенше жағдай жойылды. Ірі және ауқымды төтенше жағдайлар жойылды, атап айтқанда Қостанай мен Абай облысындағы орман өрттері, көмір шахталарындағы техногендік апаттар, ауқымды су тасқындары, сондай-ақ Әзербайжандық ұшақ апаты кезінде азаматтарды құтқару.

ТЖМ бөлімшелері халықаралық жаттығуларға, гуманитарлық және авариялық-құтқару операцияларына қатысты. Мысалы Түркия, Ауғанстан және Қырғызстандағы өрттерді, жер сілкіністерін және сел апаттарын жоюға қатысты. Шетел мемлекеттеріне 49 рет гуманитарлық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда ТЖМ заманауи көпсалалы құрылым, оған өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері, әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері, авиация мен теңіз қызметі, оқу орталықтары, ғылыми институттар, сондай-ақ кадрларды даярлау орталығы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы кіреді

Басқару органдары мен жедел қызметтер айтарлықтай модернизациядан өтті, барлық деңгейде өзара әрекеттесу алгоритмдері жаңартылды. Бұл шаралар апаттар мен табиғи қатерлердің салдарын азайтып, әрекет ету тиімділігін арттырды. Мысалы биыл су басқан елді мекендер саны 95%-ға азайды.

Цифрландыру мен қауіп-қатерлерді болжауға үлкен назар аударылуда. Геоақпараттық және спутниктік жүйелер белсенді түрде енгізілуде, табиғи қатерлерді талдау үшін жасанды интеллект қолданылуда, сондай-ақ қауіпті аймақтардың цифрлық карталары әзірленуде.

Ахуалдық талдау орталықтары мен азаматтық қорғау күштерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері құрылды. Құлақтандыру жүйесіндегі цифрлық трансформация аяқталып, ескірген шешімдердің орнына заманауи платформалар енгізілді.

Өңірлерде сатылай басқару жүйесі қалыптастырылып, бытыраңқы құрылымнан Бірыңғай басқару принципіне көшу жүзеге асырылды. Реформа шеңберінде аумақтық бөлімшелермен ведомстволық бағынысты мекемелер біріктірілді, бұл ресурстарды орталықтандырып, жергілікті жерлердегі қызметті басқаруды жеңілдетті. Аталған қадамдар жұмылдыру мен жедел әрекет етуді арттыруға және азаматтық қорғау саласындағы басқару сатысын күшейтуге бағытталған болатын.

Кезең-кезеңімен өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін біріктіретін әмбебап құтқару кешендері құрылып жатыр. Бұл бөлімшелер қазір Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұмыс істеп, кешенді көмек көрсету тиімділігін көрсетіп отыр.

Шымкент және Ақтөбе қалаларында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін авиажасақтар құрылды. Болашақта мұндай бөлімшелер барлық өңірлерде пайда болады. Бұл көмек тек уақытында ғана емес, барлық жерде қолжетімді болуын қамтамасыз етуге де бағытталған қадам.

Ауылдық округтерде «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске асырылуда. Шағын ауылдардың мыңдаған тұрғынын қорғайтын 82 жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Еріктілерге техникалық қолдау көрсетіліп, байланыс құралдары беріледі.

Төтенше жағдайларды жоюдағы негізгі резерв ТЖМ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері болып табылады. Жұмылдыру дайындығы мен жеделдікті арттыру мақсатында Алматы, Орал, Өскемен және Қостанайда құтқару батальондары құрылды.

Табиғи қауіптерге, оның ішінде қар көшкіні мен сел процестеріне мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға ерекше назар аударылуда. Алатау тауларында заманауи гидро-сейсмикалық бекеттер орнатылды.

Сонымен қатар Сейсмологиялық ғылыми база жетілдірілуде, оның жабдықтары жаңартылып, Қазақстан-Қытай сейсмология орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Алматықаласында жер сілкінісі болған кезде зардап шеккендерді қабылдап орналастыру және құтқару операцияларын үйлестіру үшін «Алатау» Оңтүстік базасы құрылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен соңғы екі жылда ТЖМ материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды.

800-ден астам бірлік техника және 20 мыңнан астам құралдар мен жабдықтар, алғаш рет ұшақтар мен басқа да әуе кемелері сатып алынып, 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

Былтырдан бері тез, үнемді әрі сапалы қағидатымен объектілер салынып жатыр. Осындай кешендердің құрылысы 3,5 айдың ішінде Астана, Атырау және Семей қалаларында бой көтерді.

«Таза Қазақстан» концепциясын іске асыру шеңберінде барлық қалалық және аудандық бөлімшелердің аумақтарын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эргономика мен қорғау стандарттарына сай өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың заманауи жаңа нысанды киім-кешектері енгізілді.

ТЖМ халық қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Әрбір адам төтенше жағдай кезінде әрекет ету дағдыларын білуі тиіс. Бұл адамның жеке басы мен қоғамдық қауіпсіздіктің негізі болып табылады.

Сондықтан елімізде жыл сайын тұрғындар мен ұйымдарды қатыстыра отырып 80 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығулардың жаңа форматтары енгізілуде. Тікұшақ техникасын тарту арқылы өрт-тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

Биыл теңіз жасағы Каспий теңізіндегі мұнай төгілу салдарын жоюдың республикалық оқу-жаттығуын алғаш рет ұйымдастырып өткізді. Бұл бөлімше еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау мәселесі де айрықша мәнге ие.

Президенттің тапсырмасына орай көмір кәсіпорындарына ауқымды ревизия жүргізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 2 мыңнан астам бұзушылығы анықталды, 60-тан астам объектінің жұмысы тоқтатылды

2026 жылдан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылаудың жаңа жүйесі күшіне енеді (барлық қауіпті өндірістік объектілер бір жұмыс күні бұрын ескерту арқылы тексерілуге жатады).

Қазіргі заманғы қауіптерді ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті тиімді әзірлеудің жаңа механизмдері енгізілді. Оны есепке алу мен толықтырып отыру өңірлердің қажеттіліктеріне және кез келген жағдайда халықты жедел қолдауға бағытталған.

Биыл «Азаматтық қорғау туралы» Заңға елеулі өзгерістер енгізілді. Өнеркәсіптік, өрт, сейсмикалық қауіпсіздік талаптары мен жекелеген құрылыс нормалары күшейтілді. Өрттен сақтандыру механизмі енгізіліп жатыр.

Біз құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсетеміз.

Президенттің тапсырмасы бойынша Заң шеңберінде тұрғын үй төлемдері, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақылар, төтенше жағдайлар кезіндегі міндеттерді орындағаны үшін қосымша ақылар белгіленіп, сауықтыру-курорттық ем алу тағайындалды. Соңғы екі жылда қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті.

«Салауатты ұлт – мықты Қазақстан» бастамасы аясында құтқарушылар мен жас ұрпақты біріктіретін «BATYR TEAM» спорт клубы жұмыс істейді. Бұл клуб жастардың бойында төзімділік, тәртіп пен патриотизм сезімін дамытады. Жақында қызметіміздің мерейтойына орай жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. Халықаралық аренада өрт сөндіру-құтқару спортынан айтарлықтай жетістіктеріміз бар.

Күн сайын өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, кинологтар, сүңгуірлер, әскери қызметшілер, ұшқыштар, ғалымдар, өрт сөндіру және өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары мен сейсмологтардан тұратын 30 мың қызметкер азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда адал қызмет етеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 944
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10201