Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
Жаңалықтар 230 0 пікір 20 Қазан, 2025 сағат 20:58

ERG елімізде «жасыл» металлургия дәуірін бастамақ!

Суреттер: orda.kz телеграм арнасынан алынды.

Қостанай облысында Орталық Азиядағы ең ірі және экологиялық таза металлургиялық зауыт салынады. Жобаны Eurasian Resources Group (ERG) жүзеге асырып, АҚШ пен Австрияның жетекші серіктестері — Midrex Technologies және Primetals Technologies консорциумымен стратегиялық келісімге қол қойды.

Жаңа зауыт «QazIron ERG» ЖШС арқылы іске асады. Оның қуаттылығы жылына 2 миллион тонна ыстық брикеттелген темір болады. Құрылыс 2029 жылы аяқталып, өндіріс іске қосылмақ. Инвестиция көлемі 650 млрд теңгеден асады, ал мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Өндіріс Midrex технологиясын қолданады — дәстүрлі кокстің орнына табиғи газ пайдаланылады, бұл қалдық шығарындыларды 50%-дан астам азайтады. Шикізат ретінде ССГПО кәсіпорнының темір окатыштары қолданылады, дайын өнім болашақ болат балқыту зауытына жөнелтіледі.

ERG бас директоры Шұқрат Ибрагимов жобаны Қазақстанның металлургиясын дамытудың жаңа кезеңі деп атады: «Бұл тек зауыт салу емес, “жасыл” металлургияны дамытуға, жаңа технологиялар енгізуге, экспортты ұлғайтуға және білікті кадрларды дайындауға жол ашады», — деді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов зауыттың өңір экономикасын күшейтетінін және жаңа индустриалды экожүйенің негізі болатынын атап өтті.

Primetals Technologies өкілі Андреас Фибек MIDREX Flex технологиясын әлемдегі ең экологиялық шешімдердің бірі деп сипаттап, оның көміртек ізін 50%-дан астам азайтатынын айтты. Midrex қазіргі таңда ГБЖ өндірісінің 90%-ын қамтамасыз етеді.

Бұл келісім жобаның келесі кезеңі болып саналады — бұған дейін консорциум зауыттың негізгі инженерлік жобасын әзірлеген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1010
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10313