Бейсенбі, 23 Қазан 2025
Әдебиет 362 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 17:20

Балаларға базарлық: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

Сурет: ult.kz сайтынан алынды.

ҮЗІЛІСТЕ

(ӘЗІЛ ӨЛЕҢ)

Арайлым ән салып отыр,
Ал Айгүл тамсанып отыр.
Арапбек сөмкесінен,
Нан алып, нан салып отыр.

Өтірік өлең

Жатыр еді Кит ұйықтап,
Ши түбінде титықтап.
Инелік кеп оятты,
Бүйірінен түртіп қап...

Өтірік-жаңылтпаш

Пілге мініп барыс күшті,
Ғарышқа ұшты – Марсқа ұшты,
Барыс күшті... қарыс тісті.

Жаңылтпаштар

Нұрлыгүл мойнына дүрбі іліп жүр,
Бибігүл құр күліп жүр,
Басқалар дүрлігіп жүр.

***

Бір үйір жылқы үйірдік,
Бір үйір жылқы кірдік.
Қырық иіріп,
Шырқ иірдік.

***

Жылқыны жазыққа бағыттап айдадық,
Жазықта жабыны жабылып қазыққа байладық.

***

Түйелі ауылдан шұбат іштік,
Шұбаттың шипалылығын ұға түстік,
Шұбат ішіп, суға түстік.

***

Мен әлі қамшылап келемін,
Торы ат құлағын қайшылап келеді.
Сауырынан тері тамшылап келеді,
Алыс жолға әлі шауып келеді.

***

Түйе үйелеп қалды ма?
Бие үйелеп қалды ма?
Түйе үйелемей,
Бие үйелеп қалыпты.

***

Тасадан тасаға қаштым,
Тасадан тасаға тас ала қаштым.

***

«Қоян көремін» деп қоян көре алмады,
«Қой өңгеремін» деп қой өңгере алмады.

***

Сенсеңіз де – семіз қой әкелемін,
Сенбесеңіз де – семіз қой әкелемін.

***

Қабаған итті қамаған ағадан,
Қабаған итті сабаған ағаны сұрадым.

ЖҰМБАҚТАР

Құлағымнан ары тарт,
Құлағымнан бері тарт.
Кездесесің күнде сен,
Қай зат болдым, соны тап.
(Есік)

***

Бір кісідей төзімім,
Мен үйлердің көзімін.
(Терезе)

***

Өнерімді таныттым,
Семіз емес, арықпын.
Дегенменен
Денеммен
Жанармайсыз жарықпын.
(Электр шамы)

***

Бар тек екі иығым,
Маған шап-шақ киімің.
(Киім ілгіш)

***

Бауыры – көп тіс,
Ара емес кескіш.
(Тарақ)

***

Қос құлақты көкем,
(Белін буған екен).
Көрсетеді өнер,
Кеудесі күй, шебер.
(Домбыра)

***

Тілі бетінде жүр,
Сөзі шетінде жүр.
(Сағат)

Бейсебай Кірісбайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1049
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10422