Жұма, 24 Қазан 2025
Жаңалықтар 802 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 16:09

Астана үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі тұңғыш Президент кубогін қабылдайды

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

24 қазанда Астанада үстел теннисінен халықаралық Президент кубогіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына қатысқандар:

Жарасбаев Серік Маратұлы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

Жетібаев Руслан, NOMAD академиясының директоры

Джу Се Хук, 2003 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада және Азия ойындарының жүлдегері

Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы, Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының вице-президенті

Каменский Николай Михайлович, Бас төреші (халықаралық санаттағы төреші)

Турнир 2025 жылдың 25-29 қазан аралығында Beeline Arena алаңында өтеді. Оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстанның үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad үстел теннисі академиясы ұйымдастырады.

NOMAD академиясының директоры Руслан Жетубаев болашақта Президенттік кубокты жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирге айналдыру жоспарда бар екенін айтып өтті:  «Бұл турнир Қазақстанның брендіне айналып, жыл сайын жас таланттар мен танымал шеберлер бас қосатын алаң болғанын қалаймыз. Бұл жай ғана жарыс емес – үстел теннисін дамыту мен халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға жасалған қадам».

Жарысқа Қазақстанды қоса алғанда, 14 елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің теннисшілері бар. Сонымен қатар, турнирге ITTF әлемдік рейтингінің топ-100 қатарындағы ойыншылардың қатысуы оның халықаралық ауқымын айшықтайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 115 000 АҚШ долларын құрайды.

Joo Sae-hyuk ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Қазақстанда үстел теннисінің дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты: 

 

«Мұнда болып, осындай ауқымды шараның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. 2027 жылы Қазақстан жаңа, жеңісті деңгейге шығады деп сенемін. Мен бар күшімді салып көмектесемін – келіп тұрамын, қатысамын және елдеріңізде үстел теннисінің дамуын қолдаймын».

Кубоктың басты оқиғаларының бірі – әлемдік үстел теннисі жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу-матч. Оған спорт аңыздары – Сюй Синь (Қытай), әлемнің экс-бірінші ракеткасы; Фан Бо (Қытай), әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзінің шабуылдау стилімен танымал; Вернер Шлагер (Австрия), 2003 жылғы әлем чемпионы және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері; сондай-ақ Джу Се Хук (Корея), 2003 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы қола жүлдегері және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы қатысады. Олардың қатысуы турнирге ерекше ауқым беріп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды.

«Өздеріңізге мәлім, 2027 жылы Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды. Сондықтан мұндай деңгейдегі ірі жарысты өткізу еліміз үшін үлкен мәртебе. Бұл іс-шара әлемдік додаға дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр. Жарысқа шетелдік мықты спортшылар келеді деп жоспарланған. Сол спортшылардың ойындарын жас жеткіншектеріміз тамашалап, үлкен тәжірибе жинақтай алады. Осы жарыс арқылы ел үздіктерін және үстел теннисінің резервін байқауға болады», – деді Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев.

Турнир төрт жас санаты бойынша жеке және командалық есепте өтеді:

  • U-11 – 2014 ж.т. және одан кішілер;
  • U-16 – 2009 ж.т. және одан кішілер;
  • Open 17+ – 2008 ж.т. және одан үлкендер;
  • Team event – командалық разряд.

Қазақстанның үздік теннисшілері – Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқұмбаева және Анель Бақыт – Президент кубогінде ел намысын қорғайды.

Турнир кестесі:

  • 24 қазан – қатысушылардың келуі, жаттығулар, баспасөз мәслихаты
  • 25 қазан – салтанатты ашылу рәсімі, жеке біріншілік (U-11, U-16)
  • 26 қазан – жеке біріншілік (U-11, U-16)
  • 27 қазан – командалық біріншілік және жеке жарыстар (Open 17+)
  • 28 қазан – жартылай финалдық кездесулер
  • 29 қазан – финалдық ойындар және марапаттау рәсімі

Президент кубогі спорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында үстел теннисін насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл жай ғана жарыс емес, спортты алға жылжыту мақсатында жас таланттар мен танымал шеберлердің басын қосатын алаң. Турнир Қазақстанның Орталық Азиядағы үстел теннисінің жаңа орталығы ретіндегі орнын нығайтады.

Турнирдің барлық күндері кіру тегін. Турнир бағдарламасымен https://presidentscup.kz/ru сайтында танысуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1086
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10491