«Лукойл» Қазақстандағы активтерін сатады
Ресейдің екінші ірі мұнай компаниясы «Лукойл» бірнеше елдің санкциясына ұшырауына байланысты халықаралық активтерін сататынын мәлімдеді. Оның Қазақстанда да бірнеше үлесі бар.
«Кейбір мемлекеттің компания мен оның еншілес ұйымдарына қатысты шектеу шараларын енгізуіне байланысты компания шетелдік активтерін сату ниеті туралы хабарлайды. Қазір әлеуетті сатып алушылардан өтініштер қабылдануда»,—делінген хабарламада.
Бұл мәлімдеме Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті енгізілгеннен кейін жарияланды.
Айта кетейік, компания Қазақстандағы "Теңізшевройл" жобасының 5 пайызына, "Қарашығанақтың" 13,5 пайызына, "Құмкөлдің" 50 пайызына, "Каспий құбыр консорциумының" 12,5 пайызына иелік етеді. Бұған қоса, «Лукойл» — Қазақстан мұнайын экспорттайтын Каспий құбыр консорциумының серіктесі.
Еске сала кетсек, 14 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай компаниясының басшысы Вагит Алекперовті елдің «энергетика әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.
Abai.kz