110 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді
2025 жылдың басынан бері отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштер қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығына балалардан 110 999 өтініш келіп түсті.
Оның ішінде 108 987 өтініш мектептер мен колледждерде орналастырылған QR-кодтар арқылы, ал 2 012 қоңырау телефон арқылы қабылданған.
Байланыс орталығының жұмысы барысында 3 499 балаға психологиялық көмек көрсетілді, 1 602 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел қолдау ұйымдастырылды. Өтініштердің басым бөлігі ақпараттық және кеңес беру сипатында болды.
Ең көп өтініш түскен өңірлердің қатарында Алматы қаласы (9 160), Батыс Қазақстан (7 654) және Түркістан (7 478) облыстары бар.
Abai.kz