Бейсенбі, 6 Қараша 2025
Жаңалықтар 1082 0 пікір 6 Қараша, 2025 сағат 16:42

Қазақстан Арменияға алғаш рет бидай жөнелтті

Сурет: eldala.kz сайтынан алынды.

Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Арменияға азық-түліктік бидай жеткізді. Астық Әзербайжан аумағы арқылы тасымалданды.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. 21 қазан күні Астанада өткен Тоқаев пен Әлиевтің кездесуінде Ереван бағыты бойынша жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынғаны туралы айтылды.

«Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді қолдау мақсатында Қазақстан жаңа теміржол бағытымен азық-түліктік бидайдың пилоттық партиясын жөнелтті. Бүгін 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізіледі деп жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір