Тегін емнің тізімі: МӘМС-ке жаңа аурулар енгізілді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне өзгеріс енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Енді ол пакетке келесу ауралар кірмек:
- қант диабеті;
- балалардың церебралды сал ауруы;
- дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы;
- ревматизм.
Бұл ретте медициналық көмектің көлемі қысқармайды, тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Барлық сақтандырылған пациент МӘМС жүйесі шеңберінде емдеуді, консультация мен дәрі-дермектерді тегін алуды жалғастырады.
Алғаш рет барлық әлеуметтік мәні бар аурулардың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан, ТМККК шеңберінде жүргізілетін болады. Бұған дейін бұл тек АИТВ инфекциясы жене туберкулезбен ауыратын пациенттерге қатысты. Бұл ауруларды ерте анықтауды және емдеуді уақтылы бастауды қамтамасыз етеді. Бұл – денсаулықты сақтаудың негізгі факторы.
Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардың жеңілдетілген санаттарына қатысты барлық кепілдіктерді сақтайды. Олардың арасында балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студент, мүгедектер, жұмыссыздар және басқалар бар. Барлығы – 11 миллионнан астам қазақстандық. Соның ішінде мемлекет есебінен сақтандырылған және медициналық көмекті тегін алуды жалғастыратын балалардың церебралды сал аурумен ауыратын барлық пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін жаңарту көмекті қысқарту емес, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және ең осал пациент үшін кепілдіктерді күшейту екенін атап көрсетеді. Сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдар есебінен төленетін азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (Д және Е санаттары) сақтандыруды қаржылық қамтамасыз этаге ерекше назар аударылатын болады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді.
Abai.kz