Сейсенбі, 18 Қараша 2025
Жаңалықтар 135 0 пікір 18 Қараша, 2025 сағат 14:26

Қазақстанға Армения премьері Пашинян келеді

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстанға Армения премьер-министрі Никол Пашинян келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады», - делінген хабарламада.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың арағайындығымен Ақ үйде бейбіт келісімге қол қойды. Құжатта қақтығысты толық тоқтату, дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру, Әзербайжан мен Нахичеванды Армения аумағы арқылы жалғайтын көлік дәлізін ашу (АҚШ консорциумының бақылауында), ЕҚЫҰ-ның Минск тобын тарату және АҚШ-тың Бакумен әскери ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастау қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір