Сәрсенбі, 19 Қараша 2025
Жаңалықтар 118 0 пікір 19 Қараша, 2025 сағат 16:46

Көші-қон мен еңбек нарығында шешілмеген мәселелер бар...

Сурет: 4vlastinfo.kz сайтынан алынды.

Бүгін Мәжіліс отырысында «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Ерлан Саировтың Премьер-Министр Олжас Бектеновке көші-қон саласы мен еңбек нарығындағы бірқатар мәселе бойынша жолдаған депутаттық сауалы.

Біз аталған депутаттық сауалды Abai.kz ақпараттық порталы оқырмандарының талқысына ұсынамыз...


Ерлан Саиров:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауында «Еңбек нарығын, әсіресе көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ» деп атап өтті.

Мемлекет Басшысы Миграциялық процесстерді мемлекеттік реттеудің тиімділігі төмендігіне де баса назар аударды.

Әр-түрлі сарапшылардың есебінше Қазақстанның еңбек нарығында 2030 жылы еңбек ресурстарының жетіспеушілігі 1,8 млн адамға жетуі ықтимал!

Қазірдің өзінде еліміздің еңбек нарығында әсіресе ауылдық жерлерде, 900-мың маман жетіспейді.

Қазақстанда халықтың саны жалпы өскенімен, кейбір аймақтарында депопуляция процесстері сезілуде.

2023 жылы елімізде 6286 ауылдық мекен болса, 2025-жылы 6 179 ауылдық мекен қалған. Екі жылдың ішінде 80 тіректі ауыл жабылған.

Жағдайды реттеу үшін Үкімет келесі кезек күттірмес қадамдар жасауы тиіс.

1. Солтүстік-Шығысқа көшіп келгенде тұрғын үйге арналған экономикалық мобильдік сертификатының мөлшерін 2 320 айлық экономикалық көрсеткішке, шамамен 9,1 млн теңге дейін ұлғайту;

2. Көшіп келгеннен кейін, азамат үй сатып алуға мемлекеттен алатын көмек мерзімі екі жылға созылып, көшіп кету мерзімі көмек алғаннан  бес жылға созылуы керек.

3. Мемлекеттік қаражат есебінен салынған тұрғын үйді жекешелендіру тәртібін қайта қарастыру.

4. Ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында мамандарды тартқан жұмыс берушілерге субсидияларды ұлғайту;

5. Жұмыс берушілерге Enbek.kz порталында жұмыс пен тұрғын үй туралы ақпаратты жариялау міндетін қатаң сақтау. Жарияламағаны үшін тәртіптің жаза қолдану.

6. Көшіп келген қандастар мен көшіп келушілер үшін грант беру мерзімін кемінде 5 жыл тұру шартымен 5 жылға созу;

7. Жұмыс берушілерге қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алу немесе салуға 2%-дан аспайтын мөлшерлемемен және 20 жылға дейінгі мерзіммен несие беру;

8. Солтүстік-Шығыс аймақтарына көшіп келген күндізгі бөлімде оқитын отбасы бар студенттерге, “шартты жұмыссыз” мәртебесін беру, оларды квотаға қосу мүмкіндігін қарастыру.

9. Шет елде тұратын қандастарды Солтүстік-Шығыс өңірлеріне еңбек күші ретінде тартудың жаңа тетіктерін жасау.

«AMANAT» Фракциясының депутаттары

Abai.kz

0 пікір