Сәрсенбі, 26 Қараша 2025
Әне, көрдің бе? 105 0 пікір 26 Қараша, 2025 сағат 16:36

«Bloomberg» Украина туралы құпия әңгімені әшкереледі

Сурет: unn.ua сайтынан алынды.

«Bloomberg» басылымы АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков арасындағы әңгіме жазбасын да жариялады.

Олар Трампқа жоспарды қалай таныстыру керектігін талқылаған. Үзінді:

Ушаков: Иә, иә, иә. Саған бір ғана мәселені шешу керек.

Уиткофф: Қай мәселені?

Ушаков: Ресей–Украина соғысын.

Уиткофф: Білемін! Бұны қалай шешеміз?

Ушаков: Досым, мен тек сенің кеңесіңді білгім келеді. Біздің басшылардың телефон арқылы сөйлесуі пайдалы болар еді деп ойлайсың ба?

Уиткофф: Иә, мен солай ойлаймын.

Ушаков: Сен солай ойлайсың. Ал сенің ойыңша, оны іске асыру қашан мүмкін болмақ?

Уиткофф: Менің ойымша, сіздер ұсыныс жасаған сәтте-ақ, біздің тарап ол қадамға дайын болады.

Ушаков: Жақсы, жақсы.

Уиткофф: Юрий, Юрий, менің ұсынымды тыңда.

Ушаков: Иә, тыңдап тұрмын.

Уиткофф: Мен қоңырау шалып, жай ғана президентті бұл жетістікпен құттықтайтыныңызды, оның осы қадамдарын қолдайтыныңызды, оның бейбітшілікті қалайтын адам екенін құрметтейтініңізді айтар едім. Мен солай дер едім. Осындай қадамнан кейін өте жақсы әңгіме болатынына сенімдімін.

Трамп «Bloomberg» жариялаған жазбаға қатысты пікір білдірді. Мақаланы теріске шығарған жоқ. Ол «бұл келіссөз барысындағы стандартты жағдай» деп атады.

«Бұл стандартты жағдай ғой. Ол (Уиткофф) бұл келісімді Украинаға өткізе алуы тиіс. Ол бұл келісімді Ресейге өткізе алуы тиіс. Келіссөзшінің міндеті сол ғой», - дейді Трамп.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков «Bloomberg-тің» мақаласын жоққа шығарған жоқ. Ол былай дейді:

«Мен Уиткоффпен жиі сөйлесемін. Бірақ әңгіме мазмұны туралы ашық айтпаймыз. Дмитриевпен де жиі сөйлесемін, телефонды жиі қолданамын. Дмитриев екеуміздің әңгімеміз неге керек, кімге қызық, түсінбедім. Біреулер әңгімені тыңдаған, құпияны жария еткен, бірақ біз емес», - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір